Қазақстанда әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартқандар саны белгілі болды

Дата: сегодня в 15:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда 2026 жылғы қазанда іске қосылған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Аталған сервис өзін және отбасын дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдаудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына көшеді. Яғни көмек бірінші кезекте шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталады.
Қызметті eGov Mobile қосымшасы мен eGov.kz порталы арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар азаматтар өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда әлеуметтік көмекті қайта тағайындауға өтініш бере алады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press