Абай облысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Ринат Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.
Ол 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 7 қарашада жоғалған азаматтың 69 жастағы әкесі «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған.
Іздестіру шаралары барысында 9 қарашада Бородулиха ауданына қарасты Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан Ринат Ахметов мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру және жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Іздеу жұмыстары көлік табылған аумаққа жақын жерлерде де жүргізілуде.
Полиция Ринат Ахметовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды немесе 4 қарашадан бері оны не көлігін көрген адамдарды «102» нөміріне хабарласуға шақырады.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
По сообщению сайта Arna Press