Өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы мен еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Дата: сегодня в 19:15 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Елжан Серғалиұлы, Саят Бакиров, Аяжан Мақан, Ербол Сармурзин және Рустам Танишпеков қатысты. 

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

«Өнеркәсіптің дамуы – өңір экономикасының өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына негіз болады. Бұл ретте өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды. Еңбек адамдарының ұсыныстары ескеріліп, олардың мәселелеріне нақты шешімдер табылуы қажет», – деді кандидат Саят Бакиров.

Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

По сообщению сайта EKaraganda.kz