«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау басталды!

Дата: вчера в 14:28

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде:
Үздік волонтерлік ұйым
Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы
Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы
Үздік әлеуметтік көмекші
Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қосқан үлесі үшін
Денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын дамытуға қосқан үлесі үшін
Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін
Бейбітшілік, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін
Тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін
Жануарларды қорғау саласындағы үлесі үшін
және басқа да маңызды бағыттар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7–27 қыркүйек 2026 жыл.

Өтінімдер qazvolunteer.kz платформасы арқылы қабылданады.

Әр үміткер тек бір номинацияға қатыса алады.

Өз еңбегіңізді бағалатуға, волонтерлік бастамаңызды танытуға және қоғамға қосқан үлесіңізді көрсетуге тамаша мүмкіндік! 

Толық ақпарат: qazvolunteer.kz
Байланыс телефондары: +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11

Волонтерлік — өзгеге көмектесуден басталып, қоғамды өзгертуге ұласады!

По сообщению сайта Arna Press