Семей қала әкімі 15-шағын аудан тұрғындарымен көшпелі жиын өткізді

Дата: сегодня в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 15-шағын аудан, 9-үй тұрғындарымен кездесіп, көшпелі жиын өткізді, деп хабарлацды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тұрғындар кәріз жүйесінің жай-күйі, ауланы абаттандыру, ағаштарды күтіп ұстау және тұрғын үйге кіреберіс жолдың жағдайы секілді бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік және сәулет бөлімдеріне аталған тұрғын үйде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қызметіне қатысты жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында үйге кіреберіс жол мәселесін шешу жөнінде жауапты сала басшыларына тапсырма жүктелді.

Бұдан бөлек, тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, аталған ауланы абаттандыру жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Фото: Қала әкімі баспасәзі видеосынан скрин

По сообщению сайта Arna Press