Семей көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Дата: вчера в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу өтетін нысандардың бірі – «Дана» сауда үйі (ЦУМ). Осыған байланысты қаланың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов, Қабанбай батыр – Мұхамедханов және Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс уақытша шектелген.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығу барысына түсіністікпен қарауды, расталмаған ақпаратты таратпауды және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұралады. 
Фото: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press