Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Дата: сегодня в 11:06 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде Илларион 357.25 ұпаймен 30-орын алса, Эмиль 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Осылайша отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады.

Сондай-ақ Александр Подлесный үш метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U15) іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен 345.45 ұпаймен 22-орынға тұрақтап, іріктеуден өте алмады.

Айта кетейік, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі. 

По сообщению сайта SportInfo