Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы командалық Қазақстан Кубогы жалғасуда. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызда аяқталады. Турнирге еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысуда. Әр команданың құрамында үш ұл, үш қыз және екі капитан бар. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар үшін күресті жалғастыратын командалар анықталды. Ұлдар арасында Астана-1, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және Алматы-1 өз топтарында бірінші орын алды. Сондай-ақ 1–8-орындар үшін өтетін плей-офф кезеңіне Ақмола облысы, Қызылорда облысы, Астана-2 және Алматы-2 командалары жолдама алды.
Қыздар арасында Астана-1, Алматы-1, Қарағанды облысы және Астана-2 өз топтарында көш бастады. Олармен бірге үздік сегіздік үшін күресті Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарының құрамалары жалғастырады.
20 тамызда турнирде плей-офф матчтары өтеді. Ұлдар арасында Астана-1 — Ақмола облысы, Ақтөбе облысы — Астана-2, Қызылорда облысы — Алматы-1 және Қарағанды облысы — Алматы-2 кездесулері жоспарланған. Қыздар арасында Астана-1 — Алматы-2, Атырау облысы — Алматы-1, Ақтөбе облысы — Астана-2 және Қарағанды облысы — Жамбыл облысы командалары өзара сынға түседі.
Сонымен қатар қалған құрамалар 9–16-орындар үшін бәсекені жалғастырады. Қазақстан Кубогы U12 турнирінің шешуші матчтары 22 тамызда өтеді.
По сообщению сайта SportInfo