Әдебиет және LitTech саласындағы стартаптарға 5 млн теңгелік грант!

Дата: сегодня в 14:38 Категория: Новости экономики

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» отандық әдебиет, кітап басып шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған грант байқауын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау аясында:
* 10 грант беріледі;
* әр грант көлемі — 5 млн теңге;
* жалпы грант қоры — 50 млн теңге.

Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да әдеби жанрлар бойынша жобалар мен авторлар, сондай-ақ LitTech бағытындағы цифрлық шешім әзірлеушілер қатыса алады.

Сонымен қатар мәдени-демалыс, кітапхана, баспа, музей, IT және ойын әзірлеу салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.

Маңызды талап: өтініш беруші Қазақстанда тіркеліп, QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасындағы креативті индустрия субъектілерінің тізіліміне енгізілген болуы керек.

Өтінім қабылдау мерзімі:
18 тамыз — 28 қыркүйек 2026 жыл, сағат 18:30-ға дейін.

Өтінімдер қазақ немесе орыс тілінде электронды түрде QazaqCreative платформасы арқылы қабылданады.

Байқаудың толық шарттары мен өтінім беру тәртібі: QazaqCreative платформасы

Қосымша ақпарат: +7 701 465 66 77
info@qazaqcreative.com

Егер әдебиет, кітап, цифрлық оқу немесе LitTech бағытында жобаңыз болса — бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

 

По сообщению сайта Arna Press