ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілдерін жаңартады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Президенті жанындағы ОКҚ сілтеме жасап.
Өзгерістер ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен тәжірибесі, оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулер қорытындылары негізінде әзірленген.
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Алайда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.
Бірінші сыныпта бұрынғыдай баға қойылмайды. Ал 2-4-сыныптарда формативтік бағалау сақталып, оның тоқсандық бағадағы рөлі күшейтіледі.
Сонымен қатар оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі.
Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Өзгеріс негізінен балл қою тәсілін нақтылауға бағытталған.
Жаңартылған жүйенің негізгі мақсаты – оқушының оқу жетістігін әділ бағалау, білімді меңгеру деңгейін нақты көрсету және оқу процесінде кері байланысты күшейту.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press