Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп рюкзагын таңдауда оның сыртқы көрінісіне ғана емес, салмағы мен балаға сәйкестігіне де мән беру ұсынылады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Негізгі қағида: оқулықтар мен оқу құралдары салынған рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс.
Мысалы, бала 30 кг болса, толық жиналған рюкзак 3 кг-нан ауыр болмағаны дұрыс.
Оқу құралдарының ұсынылатын салмағы:
1–3 сынып — 2 кг-ға дейін
4–5 сынып — 2,5 кг-ға дейін
6–7 сынып — 3,5 кг-ға дейін
8–11 сынып — 4,5 кг-ға дейін
Бұл көрсеткіштер рюкзактың өз салмағын қамтымайды. Бос рюкзактың салмағы 1 кг-нан аспағаны жөн.
Рюкзак таңдағанда:
кең әрі жұмсақ иықбауы болғаны;
арқасы тығыз әрі ыңғайлы орналасқаны;
иықбаулары реттелетіні;
жарық шағылыстыратын элементтері бар екені;
материалы берік және су өткізбейтіні маңызды.
Рюкзак баланың бойына сай, тым үлкен емес және белінен айтарлықтай төмен түспеуі керек.
Рюкзактағы қажетсіз ойыншықтар, артық дәптерлер мен кітаптарды алып тастап, иықбауларын дұрыс реттеген жөн. Баланы рюкзакты екі иығына қатар асып жүруге үйрету де маңызды.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press