Семей қаласындағы Титова көшесі, 130-үйдің тұрғындары редакцияға хат жолдап, өздерін алаңдатып отырған бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Тұрғындардың айтуынша, ауланың аумағында құлап қалған ағаштар бірнеше күн бойы жиналмай жатыр. Бұдан бөлек, тоғайдағы кейбір ағаштардың шіріп, құлау қаупі бар екені айтылды.
Жергілікті тұрғындар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Өйткені аула маңында балалар жиі ойнайды. Шіріген немесе қураған ағаштардың құлауы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Тұрғындар жауапты мекемелерден аумақтағы жағдайды тексеріп, құлап қалған ағаштарды уақытылы жинауды және құлау қаупі бар ағаштарды анықтап, қауіпсіздік шараларын қолға алуды сұрайды.
Семей тұрғындары ауладағы қураған ағаштарға қатысты шара қабылдауды сұрайды
Фото: тұрғындардан
По сообщению сайта Arna Press