Абай облысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтауға арналған ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.
7 тамыз күні сағат 10:00-де Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалында «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырылады.
6–22 тамыз аралығында сағат 10:00-де Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақыл-ойдың алыбы» атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылады.
10 тамыз күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай алаңында ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен тағзым ету шарасы өтеді.
Сол күні сағат 12:00-де Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жаңадан бой көтерген «Рәміздер алаңының2 ашылу салтанаты ұйымдастырылады.
10 тамыз күні сағат 15:00-де Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Абай бейнелеу өнерінде…» атты көрме және «Абайдың өмір деректері» атты қолжазбалар мен тарихи құжаттар көрмесі өтеді.
10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Адамзаттың Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі ашылады.
Сол кітапханада сағат 11:00-де «Әлемге танылған тұлға» атты сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылса, сағат 15:00-де «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты облыстық «Абай оқулары» байқауы өтеді.
17 тамыз күні сағат 11:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда «Дана Абайдың сазды әлемі» атты концерт көрерменге жол тартады.
Ал 22 тамыз күні сағат 17:00-де Абай атындағы театрда «Киелі Абай елі» атты қорытынды гала-концерт өтіп, Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар өз мәресіне жетеді.
Аталған іс-шаралардың барлығы ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, ұлттық руханиятты дәріптеуге және жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press