Абай облысында есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Дата: сегодня в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысында профилактикалық рейд барысында полицейлер күмән тудырған Mazda 626 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайд Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Құжаттарын тексеру кезінде 49 жастағы жүргізушінің қимыл-қозғалысы мен сөйлеу мәнерінен күдік туындағанымен, алкогольдің иісі анықталмаған.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны белгілі болды. Аталған дерекке байланысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық масаң күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қандай жағдай болмасын мас күйде көлік тізгініне отырмауға шақырады.

Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press