Мектеп бағдарламасына жасанды интеллект енгізілуде

Дата: вчера в 11:18

Қазақстанда мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағыты бойынша жаңартылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Енді: 1–4-сыныптарда – «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәні арқылы оқушылар ЖИ-мен танысып, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау негіздерін меңгереді.

5–11-сыныптарда – «Информатика және жасанды интеллект» пәні аясында оқушылар жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс сұраныс (prompt) құрастыру, нәтижелерді сыни бағалау, киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын үйренеді.

10–11-сыныптарда машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері оқытылады.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты – оқушыларды жасанды интеллектіні тек қолданушы емес, оны саналы, тиімді және жауапты пайдаланатын тұлға ретінде қалыптастыру.

Жаңартылған оқу бағдарламалары апробациядан сәтті өтіп, бекіту кезеңінде. Сонымен қатар педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар да әзірленуде.
Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press