Желіде тараған «жолбарыс» фотосы — жалған ақпарат

Дата: вчера в 17:08

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Мамандардың мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) технологиялары арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер бар.

Белгілі болғандай, табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жануардың орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстап отыр. Сондықтан оның кездейсоқ түсірілгені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылды.

Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тексерілмеген ақпаратты таратпай, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

Фото: Министрліктен

По сообщению сайта Arna Press