Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды

Дата: вчера в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық заманауи BINOM мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, BI Group компаниясының өкілдері, BINOM мектептер желісінің басшылығы мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Жаңа білім ордасы – еліміздегі BINOM мектептер желісінің 10-мектебі және Астана мен Атыраудан кейінгі үшінші қаладағы жоба болмақ. Мектеп келесі оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

BINOM мектебі заманауи оқу кабинеттерімен, ғылыми зертханалармен, робототехника және 3D-принтер кабинеттерімен, телестудия, кинозал, коворкинг-аймақтар және шығармашылық кеңістіктермен жабдықталады. Жоба оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді

Фото: Облыс әкімдігінен

По сообщению сайта Arna Press