Қазақстан бойынша теле және радио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Дата: вчера в 16:18

22 шілде күні елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазтелерадио» АҚ сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, жұмыстар Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио желілері арқылы хабар тарату жүзеге асырылмайды.

Мамандардың айтуынша, бұл профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press