Енді Қазақстанда медицина мамандарын даярлау өңірлердің нақты сұранысына қарай жоспарланады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа қағидалар жобасына сәйкес, медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар мен студенттер саны әр аймақтағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне деген қажеттілік негізінде айқындалады.
Жоспарлау барысында халық саны, сырқаттану деңгейі, медицина мамандарымен қамтамасыз етілуі және өңірдегі ауруханалар мен емханалардың даму көрсеткіштері ескеріледі.
Министрлік бұл өзгеріс кадр тапшылығын азайтып, денсаулық сақтау жүйесін қажетті мамандармен тиімді қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
По сообщению сайта Arna Press