3 және 7-сынып оқушылары жаңа оқулықтармен қамтылады

Дата: сегодня в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бекіту және білім беру ұйымдарын қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес барлық оқулықтарға қосымша сараптама жүргізілді. Бұған дейін Үкімет қосымша тексеру кезінде мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескерту мен қателік анықталғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты оқулықтарды бекіту мерзімі олардың сапасын арттыру үшін ұзартылды.

Қазіргі уақытта баспалар мен сарапшылар анықталған кемшіліктерді түзету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Министрлік әрбір оқушыны мемлекеттік білім беру стандарттарына және жаңа Конституция талаптарына сай сапалы, заманауи оқулықтармен қамтамасыз етуді басты міндет ретінде атап өтті.

Сонымен қатар өңірлерде оқулықтар сатып алу жоспарға сәйкес жалғасуда. Биыл 30 тамызға дейін 3-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу», «Музыка» пәндерінің, сондай-ақ 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқулығы сатып алынады.

Министрліктің мәліметінше, оқулықтарды жаңарту кезең-кезеңімен жалғасады. 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін 4 және 9-сыныптардың, ал 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін 8-сыныптардың оқулықтары жаңартылады.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press