Семейде бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі

Дата: сегодня в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

15 шілде күні Пищевиков көшесі, 5 мекенжайындағы су құбырын жөндеу жұмыстарына байланысты таңғы сағат 10:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін төмендегі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей Водоканалға сілтеме жасап.

Титов көшесі: 132, 134, 136, 140, 142, 144, 146, 148, 159;
Пищевиков көшесі: 3, 5, 7, 9, 11;
Кабельный тұйығы: 7, 9, 11, 13;
Әуезов даңғылы: 89, 91, 93;
Байғожин көшесі: 1, 3.

Сондай-ақ, «Хаким» клиникасы, Мектеп-интернат, Офицерлер үйі, «Қазполиграф» АҚ, ЖЭО-1 және «Айдана» сауда үйінде де су беру уақытша тоқтатылады.

«Семей Водоканал» тұрғындардан қажетті мөлшерде ауыз су қорын алдын ала дайындап қоюды сұрайды.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press