Семейдегі Шәкәрім университетінде Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтіп, өңір тарихында алғаш рет ветеринариялық қызметке 53 жаңа қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ветеринария саласы азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығының дамуы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыт екенін атап өтті.
Жаңа техникалардың қатарында:
12 JAC T-8 қызметтік автокөлігі;
30 «Нива» автокөлігі;
5 мал тасымалдайтын арнайы көлік;
5 дезинфекция жүргізуге арналған арнайы техника;
1 ветеринариялық препараттарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік бар.
Сонымен қатар ветеринариялық ұйымдар 77 тоңазытқышпен, 260 термочемоданмен және 74 компьютерлік техника жиынтығымен қамтамасыз етілді.
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөзі
По сообщению сайта Arna Press