U23 Азия чемпионаты: төрт қазақстандық бұрымды боксшы 1/2 финалға өтті

Дата: сегодня в 06:46 Категория: Новости спорта


Кеше Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

8 шілдеде U23 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде төрт бұрымды боксшымыз жартылай финалға шықты.

Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Аяжан Ермек (60 келіге дейін) финалға шығу үшін сынға түседі.

Ал Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) және Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін) 1/4 финалда жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, U23 жас санатында жартылай финалдық бәсекелер 12 шілдеде өтеді.

 

По сообщению сайта SportInfo