Семей қаласындағы Жоламан шағын ауданында орналасқан «Жаңа» аялдамасының айналасы қоқысқа толып кеткен. Бұл туралы Arnapress.kz редакциясына тұрғындардың бірі хабарласып, мәселені назарға алуды сұрады.
Оның айтуынша, №20 автобус бағытының соңғы аялдамасының маңында пластик бөтелкелер мен түрлі тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Сонымен қатар, тұрғын аялдаманың өз жағдайына да шағымданды.
«20-шы маршруттың соңғы «Жаңа» аялдамасының маңайы бөтелке мен қоқысқа шашылып жатыр. Аялдаманың кейпі де мәз емес, ескі. Қыста суық, жазда ыстықтап отырамыз. Орындығы да кішкентай. Аялдамада адамдар шемішке шағып, қоқысын тастап кетеді. Осыны назарға алсаңыздар», — деп жазды тұрғын.
Тұрғындар аялдама аумағын тазалап, санитарлық жағдайын жақсартуды, сондай-ақ аялдаманы жаңартып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды сұрайды.
Фото: Arnapress.kz
По сообщению сайта Arna Press