Семей қаласында Посмаков — Дулатов көшелерінің қиылысында магистральдық жылу желісінің тармағында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz «Теплокоммунэнерго» МКК сілтеме жасап.
Жылумен жабдықтау кәсіпорнының мәліметінше, диаметрі 57 мм құбырда ақау анықталған. Осыған байланысты 6 шілде күні сағат 19:41-де желі уақытша жабылды.
Салдарынан 11 250 абонент, яғни 166 көпқабатты тұрғын үй ыстық сусыз қалды. Мамандардың алдын ала мәліметінше, ыстық су 7 шілде күні сағат 17:00-де қайта беріледі.
«Теплокоммунэнерго» кәсіпорны тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press