Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 2026 жылғы Уимблдон турнирінің үшінші айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұрған қазақстандық теннисші шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінде сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде. Олардың жұбы жарыстың үшінші нөмірлі сеянныйлары болды.
Үшінші айналымда Данилина мен Крунич эстониялық Ингрид Нил мен мексикалық Джулиана Олмос жұбына 7:5, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Кездесу 2 сағат 48 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық-сербиялық жұп жеті эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және иеленген 10 брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич Уимблдон-2026 турниріндегі жарыс жолын үшінші айналымда аяқтады.
По сообщению сайта SportInfo