Қайрат – Сутьеска матчының билеті сатылып жатыр

Дата: 04 июля 2026 в 10:06 Категория: Новости спорта


8 шілде күні сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында «Қайрат» черногориялық «Сутьескаға» қарсы матчпен жаңа еурокубок маусымын бастайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайраттың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дәл бір жыл бұрын бізге жарқын естелік сыйлаған еурокубок жолы басталған еді. Енді сол тарихтың жаңа тарауын бірге жазатын сәт келді.

Билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларынан сатып алуға болады. Сатып алғанда ЖСН-ді көрсету қажет. Назар аударыңыздар! Сатып алынған билет қайтарылмайды.

Билетті алыпсатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз. Мұндай билеттің күші жойылады және матчқа кіре алмау қаупі бар. Бұл жанкүйерлерге де, ұйымдастырушыларға да қолайсыздық туғызады.

Билет сатып алғанда қиындық туындаса, +7 771 936 5353 нөміріне хабарласыңыздар.

Матч басталардан 2–3 сағат бұрын стадионға келуге кеңес береміз. Сонда стадионға асықпай кіріп, еурокубок кешінің ерекше атмосферасын толық сезіне аласыздар», – «Қайрат» хабарлайды. 

По сообщению сайта SportInfo