Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің аралас жұптық сынын жеңіспен бастады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық теннисші аралас жұптық сында америкалық Джеймс Трэйсимен бірге өнер көрсетуде.
Бірінші айналымдағы қарсыластары британиялықтар Люк Джонсон мен Эмма Эпплтон болды. Матч екі сетке созылып, Данилина мен Трэйсидің 7:5, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 12 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Анна мен Джеймс төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина Уимблдонның тағы бір санатында екінші айналымға жолдама алды. Бұған дейін қазақстандық теннисші әйелдер арасындағы жұптық сында да жарысты жеңіспен бастаған болатын.
По сообщению сайта SportInfo