Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жұптық сынында бірінші айналым матчында өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың алғашқы қарсыластары нидерландылық Йеспер де Йонг пен франциялық Валантен Руайе болды. Кездесу екі сетке созылып, қазақстандық жұптың 3:6, 4:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Недовесов пен Голубев бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және брейк жасауға алған екі мүмкіндіктің біреуін де пайдалана алмады.
Осылайша, Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдон-2026 турнирінің жұптық сынындағы жарысын бірінші айналым кезеңінде аяқтады.
По сообщению сайта SportInfo