Александр Шевченко Братиславадағы Челленджер турнирінің финалына шықты

Дата: вчера в 12:36 Категория: Новости спорта


Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияда өтіп жатқан Челленджер санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанған Шевченко жартылай финалда әлемнің 215-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисшінің 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 37 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр бес эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына жолдама алды. Шешуші кездесуде ол италиялық Федерико Чина мен жапониялық Даниэль Таро арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

По сообщению сайта SportInfo