Александр Бублик Штутгарттағы турнирді жартылай финалда аяқтады

Дата: сегодня в 11:06 Категория: Новости спорта


Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың үшінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандық теннисші финал жолдамасы үшін әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездесті.

Кездесу екі сетке созылып, Бубликтің 4:6, 4:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр тоғыз эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және үш брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды.

Осылайша, Александр Бублик Штутгарттағы турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады.

По сообщению сайта SportInfo