Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Дата: 06 июня 2026 в 07:06 Категория: Новости спорта


Жұптық сында елдің үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының бас жүлдесіне таласады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Сюко Аояма (Жапония) / Лян Энь-Шо (Тайвань) тандемін қапы қалдырды.

Париж корттарындағы кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, қазақстандық-сербиялық дуэттің пайдасына 7:5, 6:2 есебімен аяқталды. Айта кетейік, Анна мен Александра бұл додада екінші нөмірлі болып белгіленген.

«Үлкен дулыға» турнирінің шешуші матчында Данилина мен Крунич жарыстың басты фавориттері – бірінші нөмірлі Катерина Синякова (Чехия) және Тэйлор Таунсенд (АҚШ) жұбымен кездеседі.

По сообщению сайта SportInfo