Қоғамдық орындарда бет-жүзді жабатын киімге бақылау күшейтілді

Дата: сегодня в 13:48

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты талаптарды сақтау бақылауы жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Ведомствоның хабарлауынша, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынған. Аталған норма 1Құқық бұзушылық профилактикасы туралы1 заңның 75-бабы 3-тармағында қарастырылған.

Алайда бұл талап ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.

ІІМ мәліметінше, заң талабын бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Алғаш рет құқық бұзған азаматтарға ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қазіргі таңда осы бап бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Ол бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылады. Ішкі істер органдары азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады» — деп мәлімдеді министрлік.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press