Бүгін Абай облысындағы мыңдаған оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz білім басқармасына сілтеме жасап.
Биыл өңірдегі 314 мектепте 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 15 мыңнан аса түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр. 11-сыныпты 6 мыңнан астам жас тәмамдап, олардың қатарында «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер дарынды түлектер де бар.
Сондай-ақ 9-сыныпты аяқтаған оқушылардың бір бөлігі білімін мектепте жалғастырса, енді бірі кәсіптік білім беру ұйымдарын таңдауда.
Облыс мектептеріндегі білім сапасының көрсеткіші биыл 66,4 пайызды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда оң өсім көрсеткен.
Оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында республикалық сынып сағаттары өткізіліп, қорытынды емтихандар мен мемлекеттік сынақтар белгіленген мерзімде ұйымдастырылады.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press