Абай облысында ауыл мәселесін шешуге арналған жобаларға грант бөлінеді

Дата: сегодня в 13:38

Абай облысында ауылдық ҮЕҰ-дарға арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Енді ауылдағы бастамашыл ұйымдар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала алады. Байқау ауылдық аумақтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Әр жобаға 500 мың теңгеге дейін грант қарастырылған. Жобалар Абай облысының ауылдық елді мекендерінде жүзеге асырылып, іске асыру мерзімі 3 айға дейін созылады.

Байқауға қатысу үшін ұйым ауылдық жерде тіркелуі, мемлекеттік сатып алулардағы жосықсыз қатысушылар тізімінде болмауы және жарамды есепшоты болуы қажет. Сондай-ақ ұйым тарату немесе банкроттық рәсімінде болмауы тиіс.

Ұйымдар байқауға тек бір жобадан ұсына алады.

Қосымша ақпаратты 8 777 213 75 00 нөмірі арқылы алуға болады.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press