Шымкентте 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Billie Jean King Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) мәресіне жетті. Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жетінші орын үшін болған кездесу нағыз триллерге айналды:
Текетірестің тағдыры жұптық сында шешілді. Мариям Нұржан мен Тамина Сәкен дуэті Дипакбхай Канабар / Упадхай жұбына қарсы тұрды. Бірінші сетте (3:6) ұтылған отандастарымыз екінші партияда ширығып, таразы басын теңестірді (6:4). Ал шешуші супер-тайбрейкте мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды – 10:6.
Қазақстан құрамасының турнирдегі жолы
Шымкенттегі аймақтық іріктеу кезеңінде 16 мықты команда бақ сынады. Топтық кезеңнің стартында қыздарымыз фаворит Жапонияға (0:3) есе жібергенімен, кейін Гонконг (2:1) пен Таиландтан (2:0) реванш алды.
Квартеттен екінші орынмен плей-оффқа шыққан Қазақстан құрамасы ширек финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Ал 5–8 орындар үшін болған алғашқы жұбаныш матчында Қытайға (1:2) тартысты ойында жол берді. Осылайша, Үндістанды қапы қалдырған қыздарымыз өз кортындағы турнирді жетінші орынмен қорытындылады.
Команданың өнерін Қазақстан қыздар юниорлық құрамасының капитаны Ярослава Шведова қорытындылады:
«Қыздарымыз жақсы өнер көрсетіп, барын салды. Біздің басынан бастап үздік командалар қатарында болмағанымызды ескеру керек, сондықтан жеребе алғашқы күннен-ақ оңай болған жоқ. Соған қарамастан, қыздар әр матчта соңына дейін шайқасып, командалық рух пен мықты мінез танытты. Бұл олар үшін болашақтағы жаңа белестерді бағындыруға көмектесетін үлкен әрі ешнәрсемен алмастырғысыз тәжірибе болды».
Әлем чемпионатына кімдер жолдама алды?
Шымкент корттарында бұл күндері жүлделі орындар мен чемпиондық атақ та сарапқа салынды:
Дәл осы үздік төрттік әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Дүниежүзілік дода осы жылдың қараша айына жоспарланған, ал турнирдің өтетін орны кейінірек анықталады.
Командалардың қорытынды кестесі (Үздік-8):
Турнирдің барлық матчтары «Beeline Arena» халықаралық теннис орталығында өтті. Алайда Шымкент корттары ұзақ демалмайды: ертең, 17 мамырда, дәл осы жерде ұлдар арасындағы осындай деңгейдегі Азия/Мұхит жағалауы аймағының іріктеуі – Junior Davis Cup басталады.
Шымкент корттарында ел намысын капитан Сергей Квак бастаған біздің жас дарындарымыз – Родион Трайгель, Ахмади Маханов және Ансар Ниетқалиев қорғайтын болады.
По сообщению сайта SportInfo