Семейде Затон ауданындағы теміржол өткелі уақытша жабылады

Дата: сегодня в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласында теміржол өткелінің төсемін бөлшектеуге байланысты жол жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz. қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты Затон ауданындағы Матросов көшесіндегі теміржол өткелі 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Уақытша шектеулерге байланысты №8 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына да өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда:

«Пристань» бағыты бойынша соңғы аялдама «Матросский пер.» аялдамасы болады,кері бағыттағы қозғалыс «Матросский пер.» аялдамасынан басталады.

Фото: ЖИ және Қала әкімдігі баспасөзі

По сообщению сайта Arna Press