Үш қазақстандық команда спорттық құзға өрмелеуден жағажай Азиадасының 1/8 финалына өтті

Дата: сегодня в 10:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден эстафеталық бәсекелер басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан екі жұп қатысты. Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина үздік мүмкіндіктерінде 16.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 8-орынмен 1/8 финалға жолдама алды.

Ал Алина Львова мен Арина Новицкая 17.94 уақыт нәтижесімен 11-орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы бәсекеде қос қазақстандық жұп 1/8 финалға жолдама алды.

Әмір Маймұратов пен Дамир Тоқтаров үздік мүмкіндіктерінде 10.26 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, екінші орынмен 1/8 финалға өтті. Сондай-ақ Ришат және Рашид Хайбуллин 10.82 секунд уақыт көрсеткішін тіркеп, іріктеуде төртінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, әйелдер арасында плей-офф кезеңіне шығу үшін үздік сегіз құраманың қатарына ену қажет болды. Ал ерлер бәсекесінде 1/8 финалға жолдама алу үшін ең үздік 16 команданың қатарынан көріну керек еді.

Айта кетейік, 1/8 финал бәсекелері бүгін, Астана уақытымен 17:00-де басталады.

По сообщению сайта SportInfo