Семейде заңсыз мотоцикл мінгендер жауапқа тартылды

Дата: вчера в 16:28

Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында екі мотоцикл жүргізушісінің өрескел құқық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Arnapresss.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға Мұхамедханов көшесінде тіркелген. Тексеру нәтижесінде екі жүргізушінің де көлік құралын басқаруға құқығы, яғни жүргізуші куәлігі болмағаны және мотоциклдердің мемлекеттік тіркеуден өтпегені белгілі болды.

Атап айтқанда, SUZUKI мотоциклі 19 жастағы азаматқа, ал SAMURAI мотоциклі 21 жастағы азаматқа тиесілі. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді.

Абай облысы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктерін заңды тіркеуге және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқармауға шақырады.

Фото: Полиция департаменті

По сообщению сайта Arna Press