Аида Балаева: «Қазақстанда грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі жойылуы керек»

Дата: сегодня в 17:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді  екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.      

Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.

«ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет. Грант конкурсына қатысу үшін бір реттік тапсыруды объективті әрі қорытынды баға ретінде бекіту керек. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақтылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады», — деп жазды вице-премьер. 


Айта кетейік, грант алу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі абитуриенттерге 2022 жылдан бастап берілген еді.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press