Қазақстан WU-19 құрамасы Болгарияға жол берді

Дата: вчера в 10:56 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Болгария құрамасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды

Кездесу Болгария құрамасының пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Елизавета Медведева көзге түсті.

Матч Мальтаның Та-Кали қаласындағы «Центенари» стадионында өтті.

Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясындағы келесі ойынын Қазақстан құрамасы 12 сәуір күні Израильге қарсы өткізеді.

Болгария WU-19 – Қазақстан WU-19 – 5:1 (3:1)

Голдар: Петрова 9, Бонева 22, Балиова 45+3, Бояджиева 53, 58 – Медведева 32

Болгария WU-19: Николова (қ), Чалакова, Байлова, Камелова (к), Халянова (Калинова 46), Парнарова (Церовска 62), Митова, Бояджиева (Дамбалова 74), Петрова, Равначка (Муддиман 46), Бонева (Михалева 62)

Қосалқы құрам: Бургоджиева (қ), Митсковска, Виденова, Милчева

Аға бапкер: Ангел Слатов

Қазақстан WU-19: Гук (қ), Мейманбай (к), Бекқожина, Омарова (Цой 67), Толкачева, Ермағамбетова (Айсапар 88), Муттари (Сұлтан 88), Мұратжан (Ахметжан 67), Медведева, Байжанова (Головкова 36), Жолболат

Қосалқы құрам: Хайтметова (қ), Максим, Зекен, Холбаева

Аға бапкер: Ксения Постовая

Төрешілер: Петра Вайдечкова (Словакия), Мартина Укропова (Словакия), Сара Канкарас (Мальта), Иоанна Вассалло (Мальта)

09.04.2026. Мальта, Та-Кали, «Центенари» стадионы 

TELEGRAM

По сообщению сайта SportInfo