Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасының қоржынына қола жүлде түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.
Бүгін кешкі сессияда тағы екі Ұлттық құрама спортшысы қола жүлдеге таласты. Алайда Марал Тәңірберген (-50 кг) мен Елена Шалыгина (-68 кг) қарсыласына есе жіберді.
По сообщению сайта SportInfo