Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды
Тәжірибелі отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медаль үшін белдесуде түркіменстандық Довлетмұрат Байрамовты жығып, үздік үштікті түйіндеді.
Ертеректе Қаһарман Қисметов -77 кг салмақта қола медаль үшін үшін күресіп, өзбекстандық палуанға есе жіберді.
По сообщению сайта SportInfo