Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі: Францияда өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды

Дата: сегодня в 11:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.

Франциядағы Гран-при кезеңі 4-5 сәуір аралығында өтеді.

TELEGRAM

По сообщению сайта SportInfo