Семейде қоқысқа қатысты заң бұзғандар видеоға түсіп, жазаланды

Дата: вчера в 22:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары тағы да қоқыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бұған дейін де аталған аудандағы 74-үй ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің дәл аула ортасына қойылуы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызып отырғаны жазылған болатын. Тұрғындар қала әкімі Әділет Қожанбаевпен кездесу барысында да осы мәселе көтерілгенін де жазған едік. Әкім қоқыс контейнерлерін әр үйдің артына көшіру ұсынғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты шаралар қабылданбаған.

Күннің жылынуына байланысты жағдай тіпті ушығып отыр. Аула ішінде орналасқан қоқыс жәшіктерінің маңайы ластанып, балалардың сол жерде ойнауына қауіп төндіруде. Сонымен қатар тұрғындар санитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдап, тышқандар мен егеуқұйрықтардың көбеюінен қауіптеніп отыр.

Осы орайда кейбір тұрғындардың өздері де тәртіп сақтамай, картон мен тұрмыстық қалдықтарды қоқыс жәшіктерінің сыртына бей-берекет тастап кететіні айтылуда. Осындай жағдайлардың біріне куә болған тұрғын оны видеоға түсіріп, нәтижесінде учаскелік полиция қызметкерлері тиісті тұлғаларды жауапкершілікке тартқан.


«29.03.2026 жылы 19:30 шамасында Қарағайлы ықшам ауданы 74 блок тұрғындары хабарласып, қоқыс жәшігіне құрылыс заттары қалдықтарын шығарып, тастап кеткені жайлы хабарлама келді. 30.03.2026 жылы аталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша адамдар табылып, оларға әкімшілік кодекстік 505 бабының 1 тармағына сай хаттама толтырылды», — дейді Қарағайлы ақшам ауданының учаскеліп полиция инспекторы Сағыныш Ануарбек

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)


Аудан халқы бұл мәселені кешенді түрде шешіп, қоқыс алаңдарын тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы орындарға көшіруді, сондай-ақ тазалық мәдениетін күшейтуді сұрайды.

Фото: Arnapress.kz.

По сообщению сайта Arna Press