Абай облысында шағын СЭС салынады

Дата: вчера в 13:18

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді.

«Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп отыр», — деп жазды министрлік.

Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.

«Жол картасын іске асыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

По сообщению сайта Arna Press