Англия лигасы кубогының финалы «Манчестер Ситидің» жеңісімен аяқталды. «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде Пеп Гвардиола баптайтын ұжым «Арсеналдан» 0:2 есебімен басым түсті.
Матч тағдырын екінші таймдағы қысқа ғана аралық шешті. Нико О’Райли бірнеше минут ішінде ойын бағытын өзгертіп жіберді: алдымен ол сәтті шабуылды голмен аяқтаса, араға көп уақыт салмай дубль авторы атанды.
Осыдан кейін «қалалықтар» ойынды толық бақылауға алып, қарсыласына камбэк жасауға мүмкіндік берген жоқ. «Арсенал» қанша тырысқанымен, қауіпті сәттер ұйымдастыра алмады.
Айта кетейік, осы маусымда командалар бұған дейін де кездесіп, ол ойында тең нәтиже тіркелген еді.
Осылайша, «Манчестер Сити» тағы бір ішкі трофейді жеңіп алып, Англиядағы ең тұрақты командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
По сообщению сайта SportInfo