Семейдегі көпір құрылысы тексерілді: тіреуіштерде кемшіліктер анықталған

Дата: вчера в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз. Нәтижесінде нысан жобасы сметалық құжаттамаға сай екені анықталды. Жұмыстардың жұмыс кестесінен қалыс қалғаны және нормативтік құжаттардың нормаға сәйкес еместігі анықталды. Тіреуіштерде (опоралар) кемшіліктер бар екені анықталды. Ондай үлкен құрылыс нысандарында одан кейін I-ші категориялы өзенге жататын Ертіс өзенін асып өтетін көпір болатындықтан кемшіліктер болады. Мұз, суға төтеп беретін тіреуіштерге өте қатаң талап қойылады. Қандай салдары мен зияны болатындығы туралы зертханалық зерделеу жүргізу туралы бізден ескертпе берілген. Зертханалық зердеулер тәжірибелі бұрыннан көпірмен айналысып келе жатқан институттар арқылы жүргізуді ұсындық. Заңды түрде лицензиясы бар кәсіпорындар көп. Біреуі бір жыл немесе біреуі он жыл жұмыс істеуі мүмкін. Кейбірі көпірге зерттеу жүргізуі мүмкін. Бірақ әр зерделеудің, әр көпірдің талаптары болады. Біздің көпірдің ұзындығы 100метрден асады, салмақтылығы 120 тоннадан асады. Сондықтан біздің ұсынысымыз тек тәжірибесі мол, аты бар институттар арқылы болсын деп ұсыныс бердік. Ол ұсынысты біздің жолаушыларды тасымалдау және жол көлігі басқармасына бердік. Сол басқарма тапсырыс беруші сол жерде. Біздің ұсынысымызды қолға алып, қазіргі кезде басқарма тиісті мекемемен келісімшартқа отырды. Жақында қорытындысын аламыз», — деді Сайлауғалы Байназаров

Фото: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press