Сұлулық жасқа қарамайды: Семейде «Көктем аруы – 2026» жеңімпазы анықталды

Дата: сегодня в 11:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні – ұлттық нақыш пен сұлулықты ұштастырған ерекше мерекеге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz

Осы орайда Семейде ұйымдастырылған «Көктем аруы – 2026» байқауы көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Биылғы сайыстың ерекшелігі – 35 жастан асқан арулардың бақ сынауы. Бұл – сұлулықтың тек жастықпен өлшенбейтінін, нәзіктік пен парасаттың үйлесімі кез келген жаста жарқырайтынын дәлелдеген тағылымды дода болды.

Сахна төріне шыққан 6 ару алдымен өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдары мен ішкі жан дүниесін ашса, келесі кезеңде өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әр қатысушының сахнадағы бейнесі – ұлттық болмыс пен заманауи талғамның үйлесімі іспетті болды.

Кеш барысында үзіліс сәттері де көрерменді жалықтырмады. Өңір жастары әсем би билеп, ән шырқап, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті. Ал әділ қазылар алқасы үшін үздікті анықтау оңайға соқпады.

Нәтижесінде:

Бұл кеш – тек сұлулық сайысы ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеген, әйел затының даналығы мен талғамын ұлықтаған тағылымды шара ретінде есте қалды.

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Фото, видео: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press