Абай облысында ұрлық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

Дата: сегодня в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынның мүлкін ұрлады деген күдікпен екі жергілікті азаматты қолға түсірді. 21 және 22 жастағы күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima маркалы автокөліктің кузовынан кабельді жасырын түрде алып кеткені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толық мойындаған.

Аталған факті бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады. Мамандардың айтуынша, қысқа уақыттық салғырттықтың өзі құқық бұзушылыққа жол ашуы мүмкін. Сондай-ақ бөтеннің мүлкіне заңсыз қол сұққаны үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фото: жасанды  интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press